Татьяна Кирилловна Назарова

Биография

Назарова Татьяна Кирилловна (1905, Ақмола уезі Николаевское а. – 1965) – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1925 жылдан прокуратура органдарында, Ақмола губерниясы адвокаттар алқасында адвокат, Қарағанды, Ташкент, Мәскеу, Қиыр Шығыс кәсіпорындарында жұмыс істеді. 1953 жылдан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында аға ғылыми қызметкер. Осы кезеңде оның әдеби қызметі басталды. 1957 ж Алматыда, кейін Мәскеуде «Первые шаги» роман-хроникасы жарық көрді, онда Петропавлда және Солтүстік Қазақстан облыстанда социал-демократ. қозғалыстың басталуы туралы баяндалады. Бір жылдан кейін «Твердой поступью» атты екінші кітабы басылып шықты, бұл кітапта 1917 – 18 ж. Петропавл уезінде Кеңес үкіметінің орнауы туралы әңгімеленеді.



Показывать:
Вне серий

X